№ 20 "Арайлым" бөбекжай-бақшасы МКҚК»
Ресми интернет-ресурс

Мемлекеттiк Туы

 

1046-300x151-1.jpg

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..

Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

Записаться на прием

Астана қаласы, № 20 «Арайлым»  балабақшасының МКҚК меңгерушісі Шинасилова Лиза Махсутовнаға

қызметтік мінездеме

 

Туған жері, күні, айы:          18.03.1965 ж;

Білімі:                                       1.Жоғары, Қазақтың мемлекеттік

                                                   қыздар педагогтік институты «Қазақ тілі мен  

                                                   әдебиетінің мұғалімі»

                                                   2. Орта арнаулы «Алмас» гуманитарлық-                      

                                                   техникалық  колледж

Атқаратын қызметі:  №20 «Арайлым» балабақшасы  меңгерушісі.

Қай жылдан бастап қызмет атқарады: 19.01.2015 жыл (10 жыл).

Педагогикалық өтілі: 37 жыл

         Шинасилова Лиза Мақсұтқызы Астана қаласы №20 «Арайлым» балабақшасында  ротация бойынша жұмыс орнын ауыстырып 2022 жылдың 17 тамыз айынан балабақша меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

        Қарапайымдылық пен өз ісіне деген жауапкершілік оның басты қасиеті. Мекеме басшысы ретінде ол қызметкерлердің  жеке- дара қасиеттерін біліп қана қоймай, олармен іскерлік қарым-қатынас жасап,  педагогикалық шеберлікпен ұйымдастыра алады. Бала денсаулығын сақтап, нығайтуға бағытталған  «Нейро ойындар арқылы балалардың танымдық құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында эксперименталды алаң жұмысы, 2024-2025 оқу жылында мектепке дейінгі балалардың мемлекеттік тілді терең меңгеруіне арналған «Тілге бойлау» республикалық пилоттық жобасы  эксперименттік режимде еңгізілді. Тәрбиеленушілердің ойын арқылы қазақ тілін үйрету үшін тілдік орта құрып, балалардың ауызекі байланыстырып сөйлеуін  дамыту, белсенді сөздікті байыту. Мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылықтарын  ояту, отанға деген патриоттық  сезімдерін  қалыптастыру. Жыл сайын жаңаша мазмұнда қалалық семинарлар ұйымдастырылып, балабақшадағы озық тәжірибені насихаттап отырады, нәтижесінде Білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды. Осындай жұмыстар барысында  Лиза Махсұтқызы ата-аналармен де тығыз қарым-қатынас жасап, кез келген мәселені әркез оңтайлы шешіп отырады.

          Заман талабына сай  жаңашыл, іздемпаз, өнегелі педагог,  жас  мамандардың ұлағатты ұстазы.  Педагог ретінде   үнемі психо-педагогикалық теория білімін дамыта отырып, өзінің практикалық жұмысында тиімді пайдалана алады.      

         Педагогикалық тұрақтылықтың сақталуына көп мән береді. Ол басшылық еткен осы жылдар арасында балабақшамыз талай сайыстарға қатысып, жүлделі орындардан көріне білді.

 

Заведующая

Шинасилова Лиза Махсутовна

ГККП «Ясли-сад № 20» «Арайлым» акимата города Астаны

Дата рождения

(число, месяц, год)

18.03.1965  г.

Место рождения

Жамбылская область

Контактный номер

+77029168956

Образование, ученая степень

1. Высшее, 1981-1985 год Казахский государственный женский педагогический институт по специальности «Учитель казахского языка и литературы".

2.  Средне-специальный, 2015-2017год  гуманитарно-технический колледж «Алмас» по специальности «Дошкольное обучение и воспитание».

Педагогический стаж

37 лет

Стаж на руководящей должности

10 лет

Квалификационная категория, год прохождения (руководитель)

Руководитель-организатор, 2023 г.

Ведомственные награды

В 2019 году награждена Почетной грамотой Министерства образования и науки Республики Казахстан.

ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Период

Должность, место работы,

местонахождение организации

 

23.08.1985 г –  14.07.1986 г.

Жамбыльская область, Чуйский район, по должности учитель казахского языка и литературы.                                          

 

18.08.1986 г – 10.02.1997 г. 

Жамбыльская область, Чуйский район, по должности учитель казахского языка и литературы.                                          

 

01.09.1997г – 01.09.2001г.

Қаратау  школа-гимназия имени  А. Байтурсынова, учитель казахского языка и литературы.                                                                                            

 

01.09.2001 г- 15.01.2004г.  

Школа имени Д. Қонаева, по должности директор по воспитательной части.

 

15.01.2004 – 20.08.2004г.

г. Қаратау школа-гимназия имени А.Байтурсынова, по должности директор по воспитательной части.

 

29.06.2005г.- 01.09.2008г. 

г. Астана «Өнер мектебі», по должности заместитель директора.     

 

04.09.2008г. – 15.01.2015г.

г. Астана, средняя школа №61, по должности  директор по воспитательной части.          

 

19.01.2015  г  - 17.08.2022г 

КГКП «Детский сад-ясли №47 «Ақ желкен»  акимата                               

акимата г. Нур -Султан  по должности: заведующая.                                                          

 

17.08.2022- по наст.время

ГККП «Ясли-сад № 20» «Арайлым» акимата города Астаны